MICROCEMENTFor ceramic


Уақыт пен бюджетті үнемдеу
Қыш тақтайшаны алып тастаудың , негізді бұзудың және тонналап қоқыс шығарудың қажеті жоқ. Жөндеу мерзімі 2-4 - аптадан 5-8 күнге дейін қысқарады . Жөндеу құны 30-50% -ке төмендейді.


Суға жоғары төзімділік
Лак дұрыс жағылған жағдайда себезгідегі сумен , ыстық сумен , бумен және де тұрмыстық химиямен үнемі жанасуға төзеді . Қызмет ету мерзімі -10-15
жылдан да
ұзарады
Заманауи
дизайн
Ылғалды бөлмелердегі
басты
артықшылық - жіктердің болмауы. Кір , қақ , зең жиналуға орын болмайды .
Тазалау
өте оңай
Қыш бетке жағуға арналған материалдар жиынтығы
Астар 1,2 кг

Кварц толықтырғышы бар тегіс және сіңіргіштігі нашар беттерді , қыш тақтайшаны , керамогранитті басқа да тығыз негіздерді дайындауға арналған арнайы астар

Негіз 18 кг
Арнайы дағдысыз оңай жағуға арналған жоғары беріктігі бар әк-полимерлі құрам . Тегістеуді қажет етпейтін жіксіз серпімді жабын
Лак 1,2 л
Сәндік жабынды судан , химиядан , тозудан мықты қорғайтын және де оған тозуға төзімділік беретін су негізіндегі екі компонентті сапасы өте жоғары полиуретанды лак
Дейін /кейін


MICROCEMENT for ceramic материалдар жиынтығын қалай жағу керек

Дайындау

1.Негізді ақауларға тексеріңіз ( жарықтар , қабыршақтану , тұрақсыз элементтер)

2.Тақтайшаны ластанудан , майдан , шаңнан және ескі жабындардан мұқият тазалаңыз .

3.Бетті майсыздандырыңыз .

4.Еденді қорғаныш қабықшасымен жауып сырлау қағаз таспасымен жапсырыңыз

Астарлау

1. Qarz астарын қабырғаларға білікшемен ретсіз қозғалыстармен жағыңыз .

2.Толық кебуін күтіңіз ( 24 сағат)

1-ші қабатты жағу ( тегістеуіш)

1 . Microcement acril материалын тақташа бедерін толық жауып келмамен немесе шпательмен ретсіз қозғалыстармен +_ 1-мм қалыңдықта жағыңыз

2 . Толық кебуіне дейін қалдырыңыз (12сағат

2-ші қабатты жағу ( мәрелік)

1. Материалды шағын телімге ( -+0 5 м2 ) 1-мм қалыңдықта жағыңыз.
2. Бетті бірден тегістеңіз .
3. Қабырғаны толық жапқанға дейін тегістей отырып жағыңыз
4. Толық кебуін күтіңіз( 12 сағат)

Еденге жағу

1. Қорғаныш үлдірін және сырлау қағаз таспасын еденнен алып тастаңыз .

2.Сырлау таспасын қабырғаға еденмен түйісетін сызық бойынша жабыстырыңыз .

3. Еденге келесі кезеңді қайталаңыз :астарлау ( астар жағу) + 1-ші қабат + 2-ші қабат

Лактау

1. Қабырғаларға жағу кезінде еденді қорғаныш үлдірімен жабыңыз.
2.Лакты өндірушінің нұсқаулығына сәйкес жақсылап араластырыңыз .
3. Лакты қабырғаларға қылқалам және масаты білікшемен ( валик) ретсіз қозғалыстармен жағыңыз . 4.Үлдірді алып тастап , лакты еденге жағыңыз.
5. Толық кепкенін күтіңіз . ( 24-сағат)
А 009
А 028
Ангоровый
А 090
Каурый
А058
Бланжевый
Лесной волк
Негізгі түс

Жиынтық танымал 4-түсте және өз бетінше реңктеуге (колерлеуге ) арналған негізгі түсте ұсынылған.

Маңызды ақпарат : Материалдың негізгі түсі тек лак жаққаннан кейін ғана анық көрінеді .
Материалды өз бетінше реңктеу ( колерлеу) бойынша нұсқаулар

Материал салынған пакетті ашып , оны бос шелекке сығып салып алыңыз . Шелекке салып алғаннан соң материал біркелкі болғанша араластырыңыз . Төмендегі кестеге сүйене отырып , колорант ( мысалы Pufamix ) қосыңыз біркелкі реңк алғанша мұқият араластырыңыз .

Түсті қалай тексеруге болады
Материалды тақтайшаға ( сынама) жағып алыңыз . Жаққаннан кейін 3-минут өткеннен соң материалды тығыздап толық кепкенге дейін қалдырыңыз ( кемінде 2-сағат ).
Жиынтыққа кіретін шприцтің көмегімен лактың аздау мөлшерін 5:1 қатынасында ( 25мл+5 мл ) араластырыңыз . Лакты сынама тақтайшасына жағыңыз . Лак кепкеннен кейін ( кемінде 2-сағат ) жиынтықтың түпкілікті түсін көресіз .
Жаңалықтар